$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болған ер адам сотталды

Ол 2020 жылы жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізіп, жол-көлік оқиғасына себепкер болған ер адам сотталды
Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде мас күйде жол-көлік оқиғасына себеп болған жүргізуші 3 жылға түрмеге қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

27 жастағы қала тұрғыны 2020 жылы жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылған. Десе де, 1 мамыр күні сағат 09:10-да Жиенбаев пен Тәжібаев көшелері қиылысында масаң күйде ВАЗ 20193 автокөлігін басқара отырып, Toyota Highlander автокөлігімен соқтығысқан.

Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 346-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады және сотқа жіберілді.

Жоғарыда аталған азамат үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары