30.01.2020, 05:56
Жаңалықтар
30 қаңтар күні елімізде күн ашық болады – синоптиктер
Кей аумақта тұман, көктайғақ сақталып, жел күшейеді
Фото: pixabay.com
30 қаңтар күні Қазақстанның бүкіл аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болатындықтан, республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Тек солтүстік-батыста атмосфералық форнттардың өтуіне байланысты аздап қар жауады, деп хабарлайды Azattyq rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.
Атырау облысының кей аумағына тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақмола, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында тұман болуы мүмкін.
Маңғыстау облысының және күндіз Ақтөбе облысының кей аумақтарында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты