Қазнетте маймыл шешектен қорғайтын маскалар сатылатыны туралы хабар тарады

Azattyq Rýhy

Аталған вирустан арнайы маскалар сатылады деген ақпарат – фейк

Қазнетте маймыл шешектен қорғайтын маскалар сатылатыны туралы хабар тарады

Қазнетте қорғаныш маскалары қойылған витринаның суреті тарады. Олардың кейбіреуі маймыл бейнеленген қораптармен сатылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Желі қолданушыларының айтуынша, бұл маймыл шешегінен қорғайтын арнайы маскалар. Сондай-ақ жақын арада бұл маскаларды бәрі де сатып алуға міндетті болады деген пікірлер жазылды. Алайда Stopfake.kz мұның жалған ақпарат екенін мәлімдеді.

Суретте көрсетілген медициналық маскалар тек маймыл шешек ауруынан ғана қорғайтындай арнайы немесе ерекше емес. Бұл өте қарапайым FFP2 маскалары, ал түрлі түсті суреті бар қораптағы бетперделер балаларға арналған.

"Маймыл шешек ауруының таралуына байланысты адамдарды қоғамдық орындарда қайтадан маскамен жүруге міндеттейді деген пікірлер негізсіз. Маймыл шешек вирусы ауа тамшы жолларымен ұзақ және жақын байланыс болғанда ғана беріледі. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ұсынысында басқа отбасы мүшелері жанында болған кезде маймыл шешек ауруын жұқтырғандар маска тағуы керек делінген. Маймыл шешекпен ауырмаған адамдар ұдайы жанында белгілі бір себептермен немесе маска тақпайтын науқас адам болса ғана бетпердемен жүруі керек", - делінген хабарламада.

Демек, маймыл шешек ауруынан қорғайтын арнайы маскалар сатылады деген ақпарат – фейк.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.