Канададағы қазақ қызының жобасын Google үздік деп таныды

Azattyq Rýhy

Отандасымыздың кәсіпкерлерге көмектесетін сервисі шетелдік жүздеген компаниялардың арасынан озық шықты

Канададағы қазақ қызының жобасын Google үздік деп таныды
фото: Б.Мусин/instagram

Қазақстандық  Әсел Беглинованың стартап жобасы Канададағы Google for Startups тарапынан үздік деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстандық Әсел Беглинова Канадада кәсіпкерлерге көмектесетін сервис ойлап тапты. Оның стартабы Канада мен Америка Құрама Штаттарындағы жүздеген компаниялар арасында топ жарып, үздік атанды», - деп жазды цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин instagram желісіндегі парақшасында.

Министр Google for Startups акселераторы Қазақстанда, атап айтқанда Astana Hub-та да бар екенін атап өтті.  

«Оның құрылтайшылары Орталық Азияның барлық елдері, Моңғолия және Әзірбайжан арасында таңдау жасап, бізді өңірлік серіктес ретінде таңдағаны қуантарлық жағдай. Яғни, Astana Hub және Google for Startups ұсынған Silkway акселерациялық бағдарламасына Орталық Азия, Әзербайжан және Моңғолия елдерінен Product/market fit сатысында стартап-компаниялар қатыса алады», - деді ол.

Іріктеу нәтижелері бойынша 15 үздік жоба Нұр-Сұлтан қаласында өтетін және 3 айға созылатын акселерацияға тегін қатыса алады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.