$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын рәсімдеймін деп ақша жинаған алаяқ ұсталды

Ол шетелде жұмыс істегісі келгендерден 4,3 млн теңге жинап алған

Қызылордада Оңтүстік Кореяға жұмыс визасын рәсімдеймін деп ақша жинаған алаяқ ұсталды
фото: Polisia.kz

Қызылордада Оңтүстік Кореяға виза құжаттарын рәсімдеп беремін деп тұрғындарды алдаған әйел ұсталды,  деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

5 маусым күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Белгілі болғандай, бейтаныс азаматша Оңтүстік Кореяға жұмысқа орналастыруға екі баласына виза құжаттарын рәсімдеп бере алатындығын айтып, 1,5 млн теңге ақшасын алдап алған. Сол күні полицияға төрт қала тұрғыны алаяқтық дерегі бойынша осындай мазмұнда арыз түсірген. Белгісіз азаматшалардан жұмыс ақысы үшін 700 мың теңгеден алған. Келтірілген шығын – 4,3 млн теңге.

 Қызылордалық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған облыс тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Орта жастағы күдікті азаматшаның жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#алаяқтық #Виза