$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«ҚазМұнайГаз» көміртек ізін 2031 жылға қарай 15 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр

«ҚазМұнайГаз» көміртегі шығарындыларын азайту мүмкіндіктерін зерттеу үшін америкалық компаниямен ынтымақтастыққа отырды

«ҚазМұнайГаз» көміртек ізін 2031 жылға қарай 15 пайызға қысқартуды жоспарлап отыр

«Шеврон» корпорациясы өз филиалы «Шеврон Мұнайгаз Инк.» арқылы және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстанда көміртегі шығарындыларын азайту саласында әлеуетті жобаларды зерттеу үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғаны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Шеврон» мен «ҚазМұнайГаз» көміртегіні ұстап қалу, кәдеге жарату мен сақтау (CCUS), төмен көміртекті сутегіні пайдалану, метан шығарындыларын басқару, энергия тиімділігін арттыру және көміртегі бағасын іштей белгілеу тетіктерін енгізу саласындағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеуді жоспарлап отыр.

Меморандумға «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс және ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев қол қойды. Құжатқа қол қою рәсімі Нұр-Сұлтан қаласында Шетел инвесторлары кеңесінің 34-ші пленарлық отырысы қарсаңында «Шеврон» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Джей Джонсонның қатысуымен өткен ресми кездесу аясында өтті.

«БҰҰ Климаттық амбициялар саммитінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегіге бейтарап мемлекет болатыны туралы мәлімдеме жасаған еді. «ҚазМұнайГаз» өз тарапынан көміртек ізін 2031 жылға қарай 2019 жылдың деңгейінен 15 пайызға қысқартуды мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта да Париж келісімінің және әзірленіп жатқан еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына жету жөніндегі стратегиясының міндеттеріне сәйкес жан-жақты жұмыс істемек. Дегенмен карбонсыздану біз үшін жаңа сала. Шевронның мұнай-газ саласында озық технологиялар мен жетістіктерді енгізудегі мол тәжірибесі біздің әлеуетімізді арттыруға септігін тигізіп, болашақта энергетика көздерін жаңарту бағытындағы төмен көміртегі жобаларын бірігіп іске асырамыз деген сенімдеміз», – деді ҚМГ басшысы Мағзұм Мырзағалиев.

«Біз Қазақстанның жасыл энергияға көшу мен көміртегі шығарындыларын азайту бағытында біраз жұмыс атқаратынымызға кәміл сенеміз. «ҚазМұнайГаз» компаниясымен орнаған ынтымақтастықтың арқасында біз қолжетімді, сенімді әрі таза энергияны қамтамасыз етуге өз үлесімізді қосып, біздің өнімді пайдаланатын салалар мен клиенттерімізге көміртегі шығарындыларын азайту мақсатына жетуде қолдау көрсетеміз деп үміттенеміз», - дейді «Шеврон» Еуразия бөлімшесінің Басқарушы директоры Дерек Магнесс.

Серіктес жаңалықтары