08.06.2022, 12:30
Жаңалықтар
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза болды
Тағы бір адам ауруханада көз жұмды
Батыс Қазақстан облысында «Лексус» автокөлігі аударылып, жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Көліктегі тағы бір адам ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Ruhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«07.06.2022 сағат 19:15-те Жалпақтал-Чапаев автожолының 115-шақырымында «Лексус» автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды.
Автокөлікте отырған жолаушы әйел Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Сағат 23:55-те 1990 жылғы жолаушы әйел ауруханада көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Көп оқылған
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)