Абай шахтасында қауіпсіздік ережелері сақталмайтыны анықталды

Azattyq Rýhy

Мамандар кеніштегі 184 нысанға зерттеу жұмыстарын жүргізген
 

Абай шахтасында қауіпсіздік ережелері сақталмайтыны анықталды
Фото: 24.kz

Қарағанды облысының Абай шахтасында өндірістік қауіпсіздік ережелері өрескел бұзылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік инспекторлар 200-ге жуық заңбұзушылықты анықтады. Мамандар кеніштегі 184 нысанға зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мәселен, көмір шахталарында сейсмикалық барлау және геологиялық сандық модельдеу жұмыстары жүргізілмеген. Әлі күнге шаң-тозаңның мөлшерін анықтайтын құрылғы алынбаған, компьютерлік техника да жаңартылмапты.

Ал жауапты компания өткен жылдың 7 қарашасында болған апаттан соң бұл кемшіліктерді жою керек еді. Ол кезде Абай шахтасында 6 адам опат болып, 3-еуі жарақат алған. Тергеу нәтижесі кінә кәсіпорыннан екенін толық дәлелдеген. 

"Тексеріс нәтижесі бойынша заңды тұлғаны әкімшілік жауапқа тарттық. Ірі кәсіпкерлік нысан ретінде 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қондырғыларды қолдану ережесі өрескел бұзылғандықтан кеніштегі екі нысанның жұмысын уақытша тоқтату туралы экономикалық сотқа шағым түсірдік", - деді ҚР ТЖМ өндірістік қауіпсіздік комитетінің департамент басшысының орынбасарыКеңгірбай Есенеев.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.