Қазақстандық экспорттаушылар Бакуде $38 миллионға келісімшарт жасасты
Баку қаласында қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтіп жатыр
Қазақстанның 23 өндірушісі әзербайжандық іскер топтарға өздерінің экспорттық мүмкіндіктерін таныстырды. Олардың арасында тамақ, химия және мұнай-химия салалары, фармацевтика, металл өңдеу мен металл прокаты, машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру мен IT компаниялар бар, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР СИМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық кәсіпорындардың ішінде экспорттық акселерация бағдарламасына қатысушылар бар. Әзірбайжан тарапынан қазақстандық бизнеспен ынтымақтастыққа мүдделі 100-ден астам компания қатысты.
«QazTrade» АҚ Бас директоры Азамат Асқарұлы қазіргі жағдайда екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын хабарлады.
«Соңғы жылдары әлемде үрдіс өңірлік сауданың пайдасына қалыптасуда. Каспий маңы өңірінде, бірінші кезекте, Әзірбайжан мен Қазақстанның өзара сауданы арттыру үшін зор әлеуеті бар. Оның үстіне, қазір Еуропадан Азияға транзиттік аумақ ретінде екі елдің де рөлі күшеюде және біз өзіміздің ішкі өзара іс - қимылымызды тек транзиттерлер ретінде ғана емес, экономикалық әріптестер ретінде де тереңдете аламыз және тереңдете беруге тиіспіз», - деп атап өтті Азамат Асқарұлы.
QazTrade басшысы бүгінгі таңда 80-нен астам қазақстандық компания өз өнімдерін Әзірбайжанға тұрақты экспорттаушылар болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте Қазақстаннан $272 млн сомасына 105 тауар позициясы бойынша экспортты, оның ішінде металлургия өнімдері, тамақ өнімдері мен сусындар, машина жасау және химия салаларының өнімдерінің өсуін ұлғайту әлеуеті байқалуда.
СЭМ шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілер үшін екі елдің ұлттық компаниялары мен іскер топтарының қатысуымен В2В форматында екіжақты келіссөздер, Әзірбайжан Республикасының ірі сауда желілерімен және дистрибьюторларымен кездесулер ұйымдастырылды.