Қарағандыда дүкенге «мина қойған» азамат іздестіріліп жатыр
Жалған хабар берген адам бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қарағандыда белгісіз азамат «Светофор» супермаркетіне «мина қойылғаны» туралы полицияға жалған хабар берген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Patriotnews.kz АА сілтеме жасап.
7 маусым күні сағат 15.00 шамасында Қарағандының Оңтүстік-Шығыс ауданында орналасқан «Светофор» супермаркетіне «мина қойылғаны» туралы хабарлама түсті. Дереу арада көрсетілген орынға жеткен полицейлер ғимаратты қоршауға алып, адамдарды қауіпсіз жерге шығарды.
«Дүкеннен 25 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Дүкеннің маңындағы жол мен ғимарат қоршауға алынды. Ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, сағат 15:50-де операция аяқталды», - деп көрсетті Қарағанды облыстық Полиция департаменті.
Қазір полицейлер жалған хабар берген адамды іздеп жатыр. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабымен қылмыстық іс қозғалды.