$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді

ИИДМ 10 мыңнан астам өтініштің қабылданбағанын айтты

Елімізде үй арендасын субсидиялауға 19 мың адам өтінім берді
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде үй арендасын субсидиялау бойынша 7 маусымға дейін берілген өтінімдер саны – 19285, олардың 4750-і мақұлданды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлгі мәлім еткендей, 10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген.

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

  • Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,
  • Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,
  • Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887 және т.б

Еске сала кетейік, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы ағымдағы жылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын. 

Серіктес жаңалықтары