Елорда маңындағы су қоймаларында шомылуға бола ма

Azattyq Rýhy

Санитар дәрігерлер су қоймаларындағы су сапасына зерттеу жүргізді

Елорда маңындағы су қоймаларында шомылуға бола ма
Фото: egemen.kz

Биыл да шомылу маусымы жаздың бірінші күнінен бастап ресми түрде ашылып, қыркүйек айына дейін жалғасын таппақ. Осыған байланысты Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті суға түспес бұрын, ол жердің шомылуға қауіпсіз екенін анықтап алу керек екенін ескертеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Комитет өкілдері жағажайдың түбін алдын ала тексеріп, сондай-ақ төтенше жағдайда көмекке келетін адам табылатынына көз жеткізіп барып шомылуыңыз керек екенін айтады. Сондай-ақ отбасының қауіпсіздігі үшін арнайы шомылу орындарында демалған дұрыс.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына зертханалық зерттеулерге су іріктеумен мониторинг жүргізді.

«Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл каналынан алынған барлық су сынамаларында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда түсі бойынша 2,71 есе, темір мөлшері бойынша 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша (ХПК) 1,87 есе асып кеткен», - делінген департамент хабарламасында.

Сонымен қатар шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап және ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек.

«Белгіленбеген жерлерде шомылу, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіретіні жайлы ескертеміз. Белгілі бір жерде шомылып, демалу үшін су айдындарындағы судың сапасын өндірістік зертханалық бақылауды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстар жүргізілген аймақтарды ғана таңдаңыз. Бұл сізге денсаулығыңыз үшін еш уайымдамай, толыққанды, сапалы демалуға кепілдік береді. Сондай-ақ, су қоймасында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге жіті назар аудару қажет!», - деді департамент өкілдері.
 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.