$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақ тілі орыс мектептерінің бірінші сыныбында қалай оқытылады

Сондай-ақ 1-сынып оқушылары математиканы көбірек оқитын болады

Қазақ тілі орыс мектептерінің бірінші сыныбында қалай оқытылады
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппартаттық жиынында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева алдағы оқу жылында орта білім беру саласына енгіщілетін өзгерістерге кеңірек тоқталып өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстандық және халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеулер мен талдаулар бірінші сынып оқушысына үш тілді қатар меңгерудің қиын екенін көрсетті. Бірінші сыныпта баланың бірінші кезекте тыңдауды, оқуды, дұрыс жазуды және өз ана тілінде жасына ой ойын жетізуді үйренуі маңызды», - деді Мәдина Тыныбаева.

Оның айтуынша, 2022-2023 оқу жылында қазақ тілінде оқытылатын бірінші сыныптарда типтік оқу жоспарынан «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері алынып тасталады.

«Осылайша, қазақ тілінде оқытатын мектептерде бірінші сыныпта балалар тек қазақ тілін, үшінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқитын болады. Ал орыс тілінде оқытатын мектептерге келсек, олар бірінші сыныптан бастап орыс және қазақ тілдерін оқиды, ал ағылшын тілін үшінші сыныптан оқиды», - деді М. Тыныбаева.

Сарапшы көптеген ұсыныстарды ескере отырып, «Көркем еңбек» пәнінің «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» деген екі пәнге бөлінгенін атап өтті. 2022-2023 оқу жылындағы бұл өзгеріс тек бірінші сынып оқушыларына қатысты болады.

Дегенмен бірінші сынып оқушылары да математиканы көбірек оқиды.

«2022-2023 оқу жылында бірінші сыныптарда және келесі оқу жылында екінші сыныптарда математика пәнінің оқу жүктемесі бір сағатқа ұлғайтылады. Бұл сыныптардағы математика сабақтары күн сайын өткізілетін болады, бұл өз кезегінде оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді», - деді спикер.

 
Серіктес жаңалықтары