$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақ мектептерінде өзге тілдер екінші сыныптан бастап оқытылады – Аймағамбетов

Енді балалар үш тілді кезең-кезеңімен үйренетін болады

Қазақ мектептерінде өзге тілдер екінші сыныптан бастап оқытылады – Аймағамбетов
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердің төменгі сыныптарында үш тілді оқытудағы өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкімет отырысынан кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бастауыш мектепте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытудағы жаңашылдықтар туралы айтты. Оның айтуынша, енді балалар үш тілді кезең-кезеңімен үйренетін болады.

«Бастауыш мектепте тілдерді оқыту туралы қабылданған шешімнің тиісті ғылыми негіздемесі бар. Бұдан қандай да бір себеп іздеудің қажеті жоқ. Бұл – тек ғылым, дидактика. Бала бірінші сыныпқа келгенде бірден үш тілдің – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің әліппесін бастайды. Ал бұл алты жасар балаға өте ауыр. Біз соңғы жылдары мониторинг жүргізе келі, басқа шешім қабылдау қажеттігін көрдік. Жаңа оқу жылынан бастап мемлекеттік тілде оқитын балалар алдымен қазақ, яғни ана тілін меңгереді. Олар оқу мен жазуды үйреніп алған соң ғана екінші сыныпта орыс тілін үйренсе, әлдеқайда жеңіл болады. Ал үшінші сыныпта латын қарпінлегі үшінші тілді меңгеру одан да жеңіл болады. Бұл біздің ұсыныстарымыз, алдағы уақытқа қойған жоспарларымыз», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары