Биыл оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалауы мүмкін – ҚР АШМ

Әсел Оршыбекова

Егіс жұмыстарын жүргізуге 400,2 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді

Биыл оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалауы мүмкін – ҚР АШМ
Фото ашық дереккөзден

Биыл жалпы егіс алқабы 23,1 млн гектарды құрады, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Егіс жұмыстарын жүргізуге (ақпан-маусым кезеңіне) 400,2 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық.

«Жеткізу, сақтау және өткізу бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, АШТӨ үшін орташа баға 200 теңге/литрді құрайды (АЖҚС-та баға 230-дан 260 теңге/литрге дейін), бұл орташа алғанда 15%-ға арзан. Осы жылдың 7 маусымындағы жағдай бойынша жоспардағы 400,2 мың тонна болған жағдайда 378,5 мың тонна дизель отынына немесе жоспардың 95%-ына төленіп, 359 мың тонна тиелді», - деді министр.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл шамамен 670,2 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,7 мың тоннаға артық.

«Бұл ретте, минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға 38,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен қосымша 11,6 млрд теңге бөлінгенін атап өту қажет. Яғни сатып алынған тыңайтқыштар құнының 50%-ын мемлекет өтейді», - деді Қарашөкеев.

Биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ желісі бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 140 млрд теңге қаражат бағытталды.

Бұдан басқа, 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда мал басы мен құстың сақталуын қамтамасыз ететін 200 мың тонна көлемінде астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мақұлданды.

Жалпы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ жалпы қаржыландыру сомасы 100 млрд теңгені құрайды.

Министр өз баяндамасында оңтүстік өңірлерде ылғалмен қамтамасыз ету тапшылығы байқалуы мүмкін екендігін ескерді.

«Осыған байланысты оңтүстік өңірлердің әкімдері сумен қамтамасыз ету шараларын уақтылы қабылдауы қажет (лимиттерді сақтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және т.б.). Өнімділікті сақтау мен арттырудың келесі қадамы өсімдіктерді қорғау шаралары болып саналады. Осыған байланысты облыс әкімдерінен арамшөп өсімдіктері мен зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жүргізуді бақылауға алуды сұраймын», - деді ведомство басшысы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.