$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің кей өңірінде бұршақ жауса, кей өңірде қатты ыстық болады

Республика бойынша құбылмалы ауа райы сақталады

Бүгін еліміздің кей өңірінде бұршақ жауса, кей өңірде қатты ыстық болады
inbusiness.kz

Синоптиктер 7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстанның Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, осыған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауып,  батыста, солтүстікте, оңтүстіктің таулы аудандарында дауыл соғады. Тек еліміздің оңтүстігінде, орталығында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте тұман, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Атап айтқанда, Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады, түнде облыстың батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с  жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болфп, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Атырау облысының батыста оңтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл бодып, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.    

Серіктес жаңалықтары