$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда ПЭТ қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынады

Шектеу 6 ай мерзімге енгізілді  

Қазақстанда ПЭТ қалдықтарын елден шығаруға тыйым салынады
фото: soutsar.ru

Қазақстанда 2022 жылдың 14 маусымынан бастап ел аумағынан ПЭТ қалдықтарын шығаруға тыйым салынады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. «Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан сыйымдылығы 2 л-ден аспайтын өзге де бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923301090); сыйымдылығы 2 л-ден асатын өзге де бөтелкелерді, бөтелкелерді, сауыттар және ұқсас бұйымдарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923309090); пропилен пластмассаларынан жасалған қалдықтарды, кесінділерді және сынықтарды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3915901100) шығаруға тыйым салынады.

Бұл отандық полимер өнімін өңдеушілерді қолжетімді шикізатпен, яғни полиэтилентерефталат қалдықтарымен қамтамасыз ету мақсатында және өндіріс көлемін ұлғайту мен ішкі нарықта құнын төмендету мақсатында енгізілген.

«Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін ҚР және ЕАЭО кедендік заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жатады», - деп хабарлады МКК-де.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#шектеу #пластик