БҚО-да бұршақ жауды
Ауыл тұрғындары бақшада өсіп тұрған көкөністерге зақым келгеніне шағымдануда
Батыс Қазақстан облысында бұршақ жауды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
6 маусымда сағат 17:00 шамасында ауа райы күрт бұзылып, жаңбыр жауып, оның соңы бұршаққа ұласқан.
Ауыл тұрғындары редакцияға хабарласып, жауын-шашын бақшадағы жемістер мен көкөністерге зақым келтірді деп шағымдануда.
«Алдымен жаңбыр жауды, одан кейін ұсақ қар қиыршықтары түсіп, артынша бұршақ жауды. Бірнеше секундқа ғана созылды, алайда өсіп тұрған раушан гүлдерім сынып кетті, бақшама да шамалы зиян келді», - деді Бәйтерек ауданы Чувашка ауылының тұрғыны.
Тұрғындардың айтуынша БҚО-ның Достық, Красный Урал, Макарово ауылдарында бұршақ жауған.
«Бұршақ жауды. Адамдар бақшадағы көкөністер бүлінгенін, ағаш бұтақтары қирағанын айтып жатыр. Ертең барып қараймыз»,- деді Достық ауылдық округының әкімі Әбубәкір Төлеуов.