$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты шахтада өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында жүргізілген тексеру нәтижелері жарияланды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты шахтада өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары сақталмағаны анықталды
фото: www.minber.kz

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қарасты «Абай» шахтасының қауіпті өндірістік нысандарында қауіпсіздік талаптары сақталмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірлесіп, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ Көмір департаменті «Абай» шахтасының қауіпті өндірістік нысандарына тексеру жүргізді.

«184 нысан тексерілді, олар: ұңғылау кенжарлары, стационарлық таспалы конвейерлер, рельстік тасылым, монорельсті жолдар мен көлік, көтергіш қондырғылар, бас желдету желдеткіштері, электромеханикалық жабдықтар, техникалық құжаттама, геологиялық-маркшейдерлік қызмет құжаттамасы, шаң-газ режимі және басқалар. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 200 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды», - деп көрсетті Төтенше жағдайлар министрлігі.

Бұл ретте,жазатайым оқиғаларды арнайы тексеру актілерінің іс-шаралары тармақтарының орындалмағаны анықталды. Атап айтқанда көмір департаментінің шахталары іс-шаралардың 6-тармағына сәйкес тау-кен массивінің температурасын анықтау аспаптарымен қамтамасыз етілмеген және ғылыми институттармен бірлесіп, көмір департаментінің шахталары үшін тау-геологиялық жағдайларды болжау әдістемесі әзірленбеген. Сонымен қатар ВТБ, болжау қызметі, геологиялық-маркшейдерлік қызмет учаскелерінде компьютерлік техниканы жаңарту және толық жинақтау жүргізілмеген, көмір шахталарын геологиялық цифрлық модельдеу және сейсмикалық барлау жүргізілмеген, көмір шаңының болуын бақылау аспаптары сатып алынбаған.

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіп төндіретін бұзушылықтар бойынша облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жерасты гидравликалық пресс пен таспалы конвейерді тоқтата тұру туралы талап арыз жолданды.

Серіктес жаңалықтары