29.01.2020, 18:10
Жаңалықтар
Алматы қалалық Полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Бұған дейін аталған департаментті Серік Күдебаев басқарған
Алматы қалалық Полиция департаментіне полковник Қанат Таймерденов тағайындалды деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. Ол бұған дейін Маңғыстау облыстық Полиция департаментін басқарған.
Жаңа басшыны ұжымға Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды.
Қанат Таймерденов 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Заңгер. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Қаскелең аудандық ішкі істер басқармасында бастаған. Үйленген, бес баласы бар.
Еске салайық, бұған дейін Алматы қалалық Полиция департаментін Серік Күдебаев басқарды. Ол бүгін Алматы облыстық Полиция департаментіне басшы болып тағайындалды.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр
11.09.2026, 09:59
Жантүршігерлік қылмыс: лудоман анасын өлтіріп, мәйітін тоңазытқышта үш апта сақтаған
11.09.2026, 11:31
Бие де жоқ, айғыр да жоқ: Ақмолада халықтың 150 бас малын «жоқ» қылған малшы сотталып кетті