СҚО-да 36 тонна жанар-жағармай тиеген көлік аударылып қалды
Оқиға өткен жексенбі күні сағат 16.20 шамасында болды
СҚО-да Тайынша ауданындағы Аққұдық ауылына бұрылыстан 10 шақырым жерде «VOLVO» жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, апат дөңгелегі істен шыққан соң болған. 36 тонна дизель отынын тасымалдаған 30 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Кішкенекөл ауылынан Нұр-Сұлтан қаласына жол тартқан. Бұл жайында полицейлерге бір лекте кетіп бара жатқан әріптес жүргізушілері хабарлаған.
Оқиға өткен жексенбі күні сағат 16.20 шамасында болды.
Жол-көлік оқиғасы орнына патрульдік полиция батальонының, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция және төтенше жағдайлар қызметкерлері шыққан.
«Жанар-жағармай басқа бензовозға құйылып, тиегіш көліктің көмегімен жолға көтерілді. Сағат кешкі 11-ге қарай өрт сөндірушілермен бірлесе «VOLVO» Аққұдық ауылына жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі шамамен жеті сағаттай жолда тұрып қалған», - дейді СҚО ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Сақтияр Ашмадьяров.