Қоғам өзгеріс орнағанын қалайды – Батыс Қазақстан облысының депутаты
Жұлдыз Қожабекова халықтың саяси-әлеметтік салада жаңашылдық күтетінін айтады
Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Бұл туралы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің тілдер кафедрасының оқытушысы, облыстық мәслихат депутаты Жұлдыз Қожабекова айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«Біз алғаш тәуелсіздік алған жылдары қаз-қаз қадам басқан сәби секілді едік. Сондықтан ол кезде қандай саяси жүйе таңдауға түссе де, тек үмітпен қарап отыра бердік. Ал қазір беліміз бекіді, қабырғамыз қатайды. Ұлт ретінде болмысымыз айқындалып, мемлекет ретінде өз орнымыз орнықты елге айналып келеміз. Дәл бүгінгідей саяси санасы дамыған қоғам өзгеріс орнағанын қалайды. Ел тағдырына елеңдеген азаматтар кешегідей тарихи күнде өз таңдауын жасады. Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу әлемдік тәжірибеде бұрыннан бар. Демократиялы елдердің ішінде Щвейцарияны айтуға болады. Ол елдің азаматтары аймақтық және ұлттық мәселелер бойынша референдумға белсенді қатысып, қоғамның жақсы жаққа өзгеруіне өз үлестерін қосып отырады», - деді Ж.Қожабекова.
Оның айтуынша, халық референдумнан кейін саяси-әлеметтік салада жаңашылдық күтеді.