06.06.2022, 14:58
Жаңалықтар
«Балаларыңды әскерге жібермеңдер»: қаза тапқан сарбаздың анасы видеоүндеу жариялады
Ол өлімі алдында жақындарынан 5000 мың теңге аударуды сұраған
Әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың жақындары видеоүндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ұлымның өзіне қол жұмсауы мүмкін емес, оны ауырған дейді, ауруы болса тексерген кезде әскерге алып кетпеу керек еді. Ақша сұрайды, әскерде ақша не үшін қажет. Кінәлілер жазалансын. Істің ақ-қарасын тергеп, дәлелдесін», - дейді Сарбаздың анасы.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Бейнеу ауданындағы әскери бөлімінде 19 жастағы сарбаз Еділ Тешебаев өзіне қол жұмсаған болатын. Ол өлімі алдында жақындарынан 5000 мың теңге аударуды сұраған. Сондай-ақ хат жазып қалдырған.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
