Украина әлем чемпионатына іріктеуден өте алмады
Финалда бұл құрама Уэльстен ұтылып қалды
Украина құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпионатына іріктеліп шыға алмады. Тоғыспа ойындардың финалында бұл құрама Уэльстен ұтылып қалды, деп жазады Vesti.kz.
Кардифф (Уэльс) қаласында өткен кездесу 1:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 34-минутта Гарет Бэйлдің асырған пасынан кейін Андрей Ярмоленко өз қақпасына соқты.
Негізі бұл кездесуде Украина бірінші болып есепті ашқан еді. 3-минутта Александр Зинченконың айып добынан соққан кездесуін испаниялық төреші Матеу Лаос есепке алмады. Ал 40-минутта қазы Ярмоленкоға қарсы ойын ережесі бұзылған кезде, пенальти бермеді.
Осылайша, Уэльс Еуропа құрлығынан соңғы, 13-ші жолдаманың иегері атанды. Енді Катарда бұл құрама "В" тобында Англия, АҚШ және Иран құрамаларымен бір топта ойнайды.