05.06.2022, 22:20
Жаңалықтар
Референдум: Дауыс бергендердің саны 8 миллионнан асты
Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 68,44 % бюллетень алды
Фото: Батыр-Жан Беспаев
Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумда 8 миллионан астам ел азаматы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алды.
Оның ішінде:
- Ақмола облысы бойынша – 73,81%
- Ақтөбе облысы бойынша – 58,06%
- Алматы облысы бойынша – 72,83%
- Атырау облысы бойынша – 67,68 %
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 69,37%
- Жамбыл облысы бойынша – 69,59%
- Қарағанды облысы бойынша – 77,39%
- Қостанай облысы бойынша – 72,28%
- Қызылорда облысы бойынша – 79,89%
- Маңғыстау облысы бойынша – 61,19%
- Павлодар облысы бойынша – 75,53%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,49%
- Түркістан облысы бойынша – 80,66%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,49%
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 57,06%
- Алматы қаласы бойынша – 33,30%
- Шымкент қаласы бойынша – 72,53%

Көп оқылған
28.08.2026, 11:05
Шұғыл: Қазақстан Үкіметі өкілеттігін тоқтатты
28.08.2026, 13:02
Ұзынағашта ерлер дәретханасынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды
28.08.2026, 16:16
Павлодарда күзетші кәсіпорынның 25 млн теңгесін ұрлап, ауласындағы алма ағашына жасырып қойған (ВИДЕО)