$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түрік академиясының бақылаушылары референдум барысына баға берді

Бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі Exit pool орындарын да көрген

Түрік академиясының бақылаушылары референдум барысына баға берді

Халықаралық Түрік академиясының бақылаушылары референдумның қалай өтіп жатқанына баға берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халықаралық Түрік академиясының бақылау миссиясымен келдік. Біз сағат таңғы 7-ден бастап сайлау учаскелерінде болдық. Дәл қазіргі уақытқа дейін 9 сайлау учаскесін аралап келдік. Бұдан кейін де жұмысымызды жалғастыра береміз. Қазіргі таңда халықтың референдумға қатысуға белсенділігін жоғары деп айта аламыз. Оған өзіміз куә болдық.

Сайлау учаскелерінен Exit pool топтарын да, бақылау мүшелерін де байқадық. Орталық Сайлау комиссиясы және Қазақстанның басқа да құзырлы органдары барлық талаптың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етіп жатыр. Сонымен қатар Халықаралық Түрік академиясы гуманитарлық ғылыми ынтымақтастық бойынша жұмыс істейді. Түркі әлемінің ғылыми қауымдастығы Қазақстандағы референдумды бақылап отыр.

Дәл қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында Түркі мемлекеттерінің бірлігі өте мықты болуы керек. Өзіміздің байқау миссиямызды күні бойы жалғастырамыз. Түрік академиясынан 3 бақылаушы бар. Біз болған учаскелерде белсенділік 10-30% аралығында.

Қазақстан – біздің отанымыз. Әзербайжан үшін Қазақстанның орыны өте маңызды. Барлық сайлау учаскесінде мерекелік көңіл күй сезіледі. Көпшілігінен қонақжайлылық байқалады. Қазақстан халқына ризашылығымызды білдіреміз», - Халықаралық Түрік академиясының вице-президенті Физули Маджидли.

Ұйымның атынан келген байқаушылар сайлау учаскелерінен тәртіпбұзушылықтарды байқамағанын айтты. Бұған қоса Түркі әлемі Қазақстанда болып жатқан жаңғырту процесіне үлкен қызығушылықпен қарайтынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары