05.06.2022, 12:28
Жаңалықтар
12:00-дегі жағдай: 5 млн-нан астам адам дауыс берді
Республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Фото: Батыр-Жан Беспаев
Түске дейін елімізде 5 122 577 адам референдумда барып, өз таңдауын жасады Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 12:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70%-ы бюллетень алған.
Нақтырақ тоқталсақ:
- Ақмола облысы – 41,31%;
- Ақтөбе облысы – 41,14%;
- Алматы облысы – 43,05%;
- Атырау облысы – 37,33%;
- Батыс Қазақстан облысы – 47,58%;
- Жамбыл облысы – 55,15%;
- Қарағанды облысы – 51,60%;
- Қостанай облысы – 49,96%;
- Қызылорда облысы – 48,73%;
- Маңғыстау облысы – 36,02%;
- Павлодар облысы – 51,17%;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 58,25%;
- Түркістан облысы – 46,69%;
- Шығыс Қазақстан облысы – 48,86%;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 37,03%;
- Алматы қаласы – 20,14%;
- Шымкент қаласы 44,61%.
Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.
Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді