$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді

ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерлан Қошанов та елорда тұрғындарымен бірге Конституциялық реформаға байланысты өтіп жатқан республикалық референдумда өз таңдауын жасады.

«Мәжіліс төрағасы «Қазақстан темір жолы» ғимаратында ашылған учаскеге келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс берді», - делінген Referendum2022.kz Telegram-арнасындағы хабарламада.

Айта кетейік,бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.  

Серіктес жаңалықтары