Ақтөбеде танысын пышақтаған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды

Azattyq Rýhy

Бұған дейін де бірнеше рет сотталған азамат іздеуде жүрген

Ақтөбеде танысын пышақтаған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды
фото: www.dailynews.kz

Ақтөбеде танысына пышақ жарақатын салған деструктивті діни ағым жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 мамырда бірнеше жерден пышақталған ақтөбелік азамат жедел жәрдеммен Ақтөбе қаласындағы аурухананың хирургиялық бөлімшесіне түскен. Жедел тексеру жұмыстарының нәтижесінде белгілі болғандай, 29 жастағы ер адам танысымен жанжалдасып, оның соңы төбелеске ұласқан. Танысы пышақ жарқатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігімен іс қозғалды. 30 мамырда Ақтөбе облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктіні ұстады. Оның бірнеше рет сотталғаны, деструктивті діни ағымның жақтаушысы екендігі анықталды.

Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің Солтүстік Қазақстан облысының полицейлерімен ұрлық үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды. Ұсталған азамат алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.