$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде туысына сенген зейнеткер баспанасынан айырылып қалды

Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің Алаяқтық бабы бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Семейде туысына сенген зейнеткер баспанасынан айырылып қалды
фото: Polisia.kz

Семейде зейнеткерді туысы алдап, үйді өз атына рәсімдеп алған,  деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ медиа орталығына сілтеме жасап.

Семей қаласы Полиция басқармасы Орталық ПБ 102 жедел арнасына алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 68 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, оның 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деген сылтаумен қарт әйелдің үйін өзінің атына ресімдеп алған. Келтірілген залал шамамен 10 млн теңгені құрады.

Іздеу шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#алаяқтық