$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 11:54
Жаңалықтар

Қаңтар айының соңғы күндері ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады – синоптиктер

Тек батыс өңірлерде ғана жауын-шашын күтіледі

Қаңтар айының соңғы күндері ауа температурасы -35 градусқа дейін суытады – синоптиктер
Фото ашық дереккөзден

Республиканың басым бөлігінде бірнеше күн бойы толассыз жауған қар тоқтап, оның орнын аяз алмастырады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қазақстан аумағына Оралдан суық антициклонның ығысуына байланысты бұрқасын тоқтап, күн күрт суытады. Алдағы үш тәулікте еліміздің басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз, қаңтар айына тән солтүстік, орталық және шығыс облыстарында түнгі аяздармен 25…30°С, кей жерлерде 35°С аяз күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста түнде 5…10°С, кей жерлерде 13…22°С дейін суытады. Ал, батыс облыстарына жылы атмосфералық фронттар ығыса бастап, жаңбыр, жылбысқы қар және ауа температурасының күрт жоғарылауы күтіледі», - делінген аталған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары