$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.01.2020, 10:29
Жаңалықтар

«Абу-Даби Плаза» ғимараты биыл аяқталуы тиіс – Алтай Көлгінов

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Абу-Даби қаласына жасаған сапарында қандай нәтижеге қол жеткізіп қайтқанын айтты

«Абу-Даби Плаза» ғимараты биыл аяқталуы тиіс – Алтай Көлгінов
фото: newtimes.kz

Елорда басшысының «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында Абу-Дабидағы серіктес компания басшылығы құрылысты осы жылы аяқтауға уәде бергенін айтқан.

«Өздеріңіз білесіздер, «Абу-Даби Плаза» нысанының салынып жатқанына ұзақ уақыт болды. Құрылыс барысында әлі де мәселе бар. Сондықтан Абу-Даби қаласына барып, оның жоғарғы басшылығымен кездесуге тура келді. Онда «Aldar Properties» компаниясымен құрылысты биыл аяқтау жөнінде келіссөз жүргіздік. Бұл компанияның осындағы мердігерлері уақыт жағынан біраз кешіктіріп жатыр. Компания жетекшілерімен кездесуде осы мәселені, тұрғындардың ғимараттың ашылуын асыға күтіп жүргенін жеткіздік. Дегенмен бұл нысанның құрылысы мүлде тоқтап тұр деп айтуға болмайды. Ондағы Shopping орталық жұмыс істеп тұрса, «Sheraton» қонақ үйі осы ақпан айында ашылады. Тек ең басты ғимараты қалып тұр. Президент бастап барған делегацияның қатарында болып, келіссөз кезінде осы мәселелерді сөз еттік. Абу-Дабидағы серіктестеріміз құрылысты осы жылы аяқтауға уәде берді. Енді алып ғимараттың құрылысы биыл аяқталуы тиіс. Мұны әрі қарай созуға болмайды», – деді елорда әкімі.

Серіктес жаңалықтары