$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Неліктен қалалық субұрқақтарда шомылуға болмайды – мамандар ескертеді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фонтан суынан жұғатын бірнеше вирус түрін атады

Неліктен қалалық субұрқақтарда шомылуға болмайды – мамандар ескертеді
Фото: stringfixer.com

Жазғы маусымда субұрқақтар қала тұрғындарының назарын аударатын орынға айналады, ал кейбір тұрғын субұрқақтың жанында серуендеп қана қоймай, оған шомылғысы келеді. Алайда, субұрқақ суына түскендер денсаулығына қауіп төндіретінін біле бермейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті фонтандағы судың жиі жаңартылмайтынын ескертеді.

«Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғарылайды. Сондай-ақ субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылады, олар әртүрлі инфекцияның қоздырғышы болуы мүмкін. Оның үстіне , жоғары ауа температурасында судағы микроорганизмдер тез көбейеді. Сондықтан субұрқақта шомылу суық тию қаупімен ғана емес, өткір ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке де айналуы мүмкін. Сонымен қатар, энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті үлкен қауіп төндіреді», - дейді комитет өкілдері.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық маусымда мамырдан қыркүйекке дейін зертханалық зерттеулерге су сынамаларын ала отырып, субұрқақтардың су сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізеді.

«Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Нқр-Сұлтан қаласында бірқатар сәйкессіздік анықталды: атап айтқанда, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарында орналасқан ("Жастар" сарайының жанындағы субұрқақ, "Есіл" СҮ ауданында, сондай-ақ Пушкин скверінде және Абай даңғылында) санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша субұрқақ кешендерінің суында бұлдырлық бойынша рұқсат етілген мәннің 1,1 - 1,7 есе артқаны байқалды. Сондай-ақ А.Молдағұлова ескерткіші мен "Жастар" театры маңындағы "Атырау" субұрқақ кешендерінің суында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздік анықталды», - делінген комитет хабарламасында.

Субұрқақта жүзу кезінде жарақат алу қаупі де жоғары. Фонтанның бетінде әдетте астыңғы жағында жарық саптамалар орналасады. Коммуникациялар құрылысынан механикалық және электр жарақатын алуыңыз ықтимал.

«Осыған байланысты, астаналық СЭБД ата-аналарды балаларына қауіпсіздік және жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін түсіндіруге шақырады. Ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз және оларға күн сайын шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылу өте қауіпті екенін ескертіңіз», - дейді комитет өкілдері.

 

Серіктес жаңалықтары