Референдум өтетін күні ауа райы қандай болады
Синоптиктер алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер Қазақстан бойынша 4-6 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. 5 маусымда республиканың шығысы мен орталығында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Температура аясында ерекше өзгерістер болмайды: батыста 22-33 градус жылы, оңтүстік-батыста 29-37 градус жылы, солтүстік-батыста 15-25-тен 20-33 градусқа дейін жылы болады. Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометрлер 15-26 градусқа дейін көтеріледі.
Ал республиканың оңтүстігінде 27-37 градус жылы, Қазақстанның оңтүстік-шығысында 22-32 градус жылы болады.