02.06.2022, 21:22
Жаңалықтар
Балқаш қаласында әскери қызметкер оққа ұшты
Оқиғаға күдікті ретінде оның әріптесі ұсталды
Фото ашық дереккөзден
Балқаш қаласында әскери қызметкердің оққа ұшуына қатысты оқиға тергеліп жатыр. Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалды, оның жағдайы өте ауыр. Оның күдікті әріптесі 31 мамырда ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді