$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында 185 борышкер 290 млн теңгенің алиментін төлемей жүр

69 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Атырау облысында 185 борышкер 290 млн теңгенің алиментін төлемей жүр
Фото ашық дереккөзден

Атырау облысында 185 борышкер 290 млн теңгенің алиментін төлемей жүр. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, алиментке қатысты берешекті азайту үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құрылған.

«Жұмыс тобының басты мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау. Әсіресе, алимент төлемей жүрген борышкерлерді анықтап, оларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету. Осы мақсатта уәкілетті органдармен бірге 10 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 42 борышкер жұмысқа орналастырылды. Бірлесіп жүргізілген рейдтік іс-шаралар қорытындысымен борышкерлердің 17 көлік құралы анықталды. Ал, борышкерлер 19 бала үшін 27,2 млн теңге алиментті толық төледі. Прокурорлық ықпал ету шараларымен төленбеген алимент бойынша 62,5 млн теңгенің берешегі өндірілді. Осылайша 65 баланың құқықтары қорғалды», - делінген хабарламада.

Прокуратураның ықпал етуімен 69 борышкер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ, 5 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Балалары үшін алиментін төлемей жүрген 185 қасқөй борышкер анықталды. Олардың берешегі 290 млн теңгені құрап отыр. Осыған орай, Әділет департаменті мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін нақты міндеттер қойылып, сот актілерін тиімді орындауға байланысты негізгі мақсат айқындалды», - деп мәлім етті прокуратураның баспасөз қызметінен.

 

Серіктес жаңалықтары