ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110 мың адамға жуықтады

Күн ашық болады: 29 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерінде ғана қар жауады

29 қаңтар, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек шығыс және солтүстік өңірлерде қар жауады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.  

Қарағанды облысының кей аумағында тұман, бұрқасын болып, түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде қарлы боран соғады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге екпіні 23 метрге жетеді.

Жамбыл облысының кей аумағында тұман, көктайғақ сақталады, аздап бұрқасын болады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей аумағында тұман болады, күндіз жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Қызылорда облысында таңертең тұман және көктайғақ болады.

Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.  

Ақмола облысының кей аумағында тұман түсіп, түнде бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с болуы мүмкін.