Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігін соқты

Azattyq Rýhy

Жол апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алды

Семейде 86 жастағы жүргізуші жедел жәрдем көлігін соқты
Фото ашық дереккөзден

Бүгін Семейде жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады. Куәгерлер апаттың салдары түсірілген кадрларды әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеода екі автомобиль де жолдан шығып кеткені көрініп тұр. Қызыл KIA ағашқа кіріп кеткен, ал жедел жәрдем жолдың сыртында. Семей полиция басқармасы жол апатының мән-жайын айтты.

"2022 жылдың 30 мамырында сағат шамамен 12.30-да KIA автокөлігінің 86 жастағы жүргізуші Алтай көшесінен Морозов көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып, бұрылу кезінде жедел жәрдем көлігіне жол бермей, соқтығысып қалды", - деп хабарлады Семей ПБ баспасөз қызметіндегілер.

Жол апаты салдарынан төрт адам түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.