$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Мамырдың соңғы күнінде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады

Үсік жүреді: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстан бойынша 31 мамыр-2 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мамыр айының соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады – найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Республика бойынша жел күшейеді», - деп бболжам жасады синоптиктер.

Алайда 1 маусым күні Батыс Қазақстанға солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді.

«1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік- батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанып отыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары