$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті

Ең ірі төлемақы «AISolutions» ЖШС төлеген – 93,2 млн теңге

Цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті
Фото ашық дереккөзден

Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша цифрлық майнингтен бюджетке 652 млн теңге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Айта кетерлігі, биыл 1 қаңтардан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілген болатын. Төлемақы сомасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде есептеледі.

«Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, аталған төлемақы республикалық бюджетке түседі, сәйкесінше төлемақы түскен аумақ пен майнинг фермасының орналасқан жері сәйкес келмеуі мүмкін. Ең ірі төлемақы «AISolutions» ЖШС төлеген – 93,2 млн теңге, «ЛЛУ АГРО-ЭНЕРДЖИ» ЖШС-нің филиалы – 76,7 млн теңге, «BCD Company» ЖШС – 53,8 млн теңге. Осыған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында электр қуатының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында майнингті жүзеге асыратын кәсіпорындардың басым бөлігі 2021 жылдың қазанынан бастап электр қуатынан ажыратылғаны туралы ақпарат таратылған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Парламентінде цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасын ұлғайтуды көздейтін заң жобасы қарастырылуда», - деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Серіктес жаңалықтары