Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті

Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды

Өскеменде жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті
Фото ашық дереккөзден

Өскемен қаласында жеңіл көлік пен «жедел жәрдем» соқтығысып, 5 адам зардап шекті. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, жол апаты 28 мамырда сағат 14:20 шамасында тіркелді. TOYOTA көлігін тізгіндеп келе жатқан 40 жастағы ер адам жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, алдында келе жатқан автокөлікті басып озбақ болған.

«Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Жеңіл көліктегі бес адам, оның ішінде екі бала түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына орай сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.