$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда туысының үйіне қонаққа барған әйел несие арқалап қайтқан

Аталған фактіге сәйкес тергеу амалдары қолға алынды

Павлодарда туысының үйіне қонаққа барған әйел несие арқалап қайтқан
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында қонаққа барған әйел несие арқалап қайтқан. Қонақта болғанда әйелден танысы қоңырау шалып алу үшін телефонын сұрап, сырттай несие рәсімдеген. Бұл туралы Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, әйел Өскемендегі тәтесінің үйіне қонаққа барған, ол арада 63 жастағы тағы бір туысы болған. Ол павлодарлықтан ұялы телефонын сұрап алып, басқа бөлмеге кіріп кеткен.

Осы уақыт аралығында әйел телефон арқылы банктердің бірінен 1 млн теңгеден астам сомаға ақшалай онлайн-кредит рәсімдегені анықталды. Жәбірленуші бұл туралы несие төлемеуіне байланысты банк қызметкерлері қоңырау шалған кезде бір-ақ білді.

«Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. "Келіп көрініп тұру міндеттемесі" түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды», - делінген хабарламада.

 

Серіктес жаңалықтары