28.05.2022, 09:29
Жаңалықтар
Шымкентте ер адам көшенің қақ ортасында әйелін соққыға жықты
Алайда күйеуінен таяқ жеген әйел арыз жазудан бас тартқан
Фото ашық дереккөзден
Шымкент қаласында күйеуі әйеліне көшенің қақ ортасында қол жұмсаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Куәгерлердің сөзінше, ер адам әйелін жол бойы ұрып келе жатқан. Осылайша тұрғындар жанжалдасқан жұбайларды арашаламақ болады.
Алайда ашуға булыққан ер адам ессіз әрекетін тоқтатпаған. Ол видеоға түсіріп тұрған әйелдің қолынан телефонын жұлып алуға әрекеттенді.
Онысынан түк шықпаған соң әрі қарай әйелін жұлқылап, итеріп жерге құлатып жібереді.
Полицейлер ерлі-зайыптыларды тапты. Алайда күйеуінен таяқ жеген әйел арыз жазудан бас тартқан. Құқық қорғау органы қызметкерлері бұл жағдай тағы да қайталанса, ер адам қамауға алынатынын ескертті.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты