Жамбыл облысында 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды

Azattyq Rýhy

Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды

Жамбыл облысында 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысындағы «Ауқатты» автомобиль өткізу пунктінде 500 мыңнан астам АҚШ долларын заңсыз әкетпек болған азамат ұсталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұлттық мүдделерді қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті биылғы 14 наурызда «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы» № 830 Жарлыққа қол қойғанын еске саламыз. Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасынан 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады. Ұсталған азамат пен валюта Қордай ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды», - деп мәлім етті ҰҚК.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.