27.05.2022, 23:38
Жаңалықтар
Таразда 12 миллион теңгенің кабель өнімдерін ұрлағандар ұсталды
Олар бір жыл бойы қаладағы зауыттан кабель ұрлап келген
фото: ru.freepik.com
Таразда 12 миллион теңгенің кабель өнімдерін ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараз қаласының екі тұрғыны алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған.
Ұрланған кабельдің метражы жалпы 240 метрдей болды, материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.
«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (бөтеннің мүлкін жасырын түрде аса ірі мөлшерде, қоймаға заңсыз кірумен жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің барлық күдікті тұлғалары ұсталып, кінәсін толық мойындаған», - деп көрсетті Тараз қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 14:33
Мүгедек енесін зорлаған: Алматыда күдікті ер адамның қамауға алынған видеосы жариялады
21.08.2026, 15:38
Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін зиратқа апарып, мойнына пышақ тақап қорқытқан
22.08.2026, 00:16
Атырау әуежайында никаб киген алты әйел жауапкершілікке тартылды