Министр атышулы «Ирина Кайратовна» тобының концертіне қатысты пікірін білдірді

Azattyq Rýhy

Дәурен Абаев концерт ұйымдастырушылары міндетті түрде жауапқа тартылуы керек деп санайды

Министр атышулы «Ирина Кайратовна» тобының концертіне қатысты пікірін білдірді
фото: ССО

"Ирина Кайратовна" тобының концертінде Қазақстанның жалауын жұрт алдында мазақ қылған Shiza есімді өнерпаздың қылығы ғаламторда қызу талқыналып жатыр. Желі қолданушылары  Туды умаждап сахнаға алып шыққандардың әрекетін сынап, оларды жауапкершілікке тарту қажеттігін жазуда. Соған орай Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Instagram желісіндегі парақшасында пікірін білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәурен Абаев көпшілік талқылап жатқан концертті ұйымдастыруға Мәдениет және спорт министрлігінің қатысы жоқ екенін атап өтті.

«Мәдениет және спорт министрі әрі Қазақстан азаматы ретінде мен сахна төрінде келеңсіз жағдайдың орын алуына мүлдем қарсымын. Сахна – киелі орын. Сахна мәдениетін сақтамағандарды, бейәдет сөйлегендерді, олардың бәрін былай қойғанда елдігіміздің нышаны саналатын қастерлі атрибуттарымызға құрметсіздік танытқандарды ешқандай ақтап алуға келмейді. Жағдайға қатысы бар азаматтар өз қателігін ескеріп, сабақ алады деп ойлаймын. Дегенмен концерт ұйымдастырушылары міндетті түрде жауапқа тартылуы керек. Халықтың ашуы орынды. Көк Туымыздан ешқайсымыз биік емеспіз»,  - деді министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.