$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«AMANAT» партиясы дәрігерлерді референдумға белсенді қатысуға шақырды

Еліміздің амандығы, әр азаматтың берекелі тірлігі – ең басты мақсат

«AMANAT» партиясы дәрігерлерді референдумға белсенді қатысуға шақырды

«AMANAT» партиясының хатшысы Ринат Кертаев денсаулық сақтау саласының мамандарымен референдум туралы кездесу өткенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Денсаулық сақтау саласы еліміздегі стратегиялық маңызы бар бағыттардың бірі. Халқымыздың амандығы, денсаулығының мықтылығы, адам капиталының негізін медицина саласы құрайды.                                           

Дәрігерлердің қажырлы еңбегі мен жанкешті әрекеттерін біз коронавирус пандемиясының өршіп тұрған кезінде анық байқадық.

Осыған орай бүгін осы сала мамандарымен жүздестік. Атап айтар болсақ «Салауатты Астана» мекемесінің ұжымымен жолығып, алдағы референдум туралы сұхбаттастық. Кездесу барысында жер мәселесі, әкімдерді сайлау және парламенттің мәртебесі туралы сөз болды», - дейді Ринат Кертаев.

Ол сөзін жалғай отырып, дәрігерлер 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, конституциялық реформаны қолдайтындарын айрықша айтып өтті.

Сол сияқты қоғамда ең көп талқыланып жатқан бастамалардың бірі – Конституцияға «жер мен оның қойнауы халық меншігінде» деген өзгерту енгізу екенін, бұл өзгерістің саяси маңызы зор екеніне, сол сияқты ол елдегі барлық азаматтардың өміріне тікелей әсер ететініне тоқталып өтті. Айтуынша жер мен жер қойнауына қатысты конституциялық нормалар қазақстандықтардың мүдделерін ескере отырып, барынша нақты тұжырымдалған.

«Тағы бір маңызды мәселе – әкімдерді баламалы негізде тағайындау. Енді Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарының қарауына баламалы негізде әкім лауазымына кемінде екі кандидатты ұсынатын болады. Жергілікті депутаттардың көп дауысын алған кандидат келісімін алған болып есептеледі және осыдан кейін ғана Мемлекет басшысы оны әкім лауазымына тағайындайды. Яғни, іс жүзінде әкімді депутаттар сайлайтын болады. Демек, атқарушы билік вертикалі өзгеріске түсіп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық өмірге, қабылданатын шешімдер мен басқару институттарының сапасына тікелей әсер етеді.

Біз бүкіл азаматтарға тең жағдай жасалған, әлемдегі озық елдердің қатарына кіруді көздейміз. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Біздің балаларымыз дамыған, бақуатты, бейбіт және әділетті қоғамда өмір сүріп, бақытты тірлік кешуі қажет. Еліміздің амандығы, әр азаматтың берекелі тірлігі – ең басты мақсат. «AMANAT» партиясы осы жолда қызмет етеді. Өзгеріс өзімізден, әрқайсымыздан басталады. Сондықтан да 5 маусым күні референдумға барып, саяси трансформацияға дауыс берейік!» - деп ойын аяқтады Ринат Кертаев.

Серіктес жаңалықтары