Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Ая Өміртай

Еліміздің бірнше өңірінде бұршақ жауып, даулы соғады

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады, ауа райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

«28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауып, дауыл соғып, бұршақ жауады. Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болуы мүмкін», - дейді синоптиктер.

Сондай-ақ Қазақстанның батысында Батыс антициклон жотасының ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Республика бойынша жел күшейеді.

«Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасының жоғарылайды: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30, оңтүстігінде – 33, солтүстігінде 23-28, орталығында-25-30 градусқа дейін күн ысиды», - делінген ақпаратта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.