$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды

Порталда шетелдіктерге ЖСН берудің не себепті тоқтатылғаны көрсетілмеген

Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда шетелдіктер үшін ЖСН алу қызметі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Электрондық үкімет» сайтындағы мәліметтерге сәйкес, «Қазақстан Республикасына уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ЖСН беру» қызметі қазір қолжетімді емес.

Сайтта бұл бағыттағы жұмыс 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қалпына келтірілетіні айтылған.

Порталда шетелдіктерге ЖСН берудің не себепті тоқтатылғаны көрсетілмеген.

Оқи отырыңыз: Санкциядан қорыққан қазақстандық банктер ресейліктерге қойылатын талапты күшейтпек

Айта кетсек, жақында Ішкі істер министрлігі 2022 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан ЖСН-ін алған Ресей мен Украина азаматтарының саны бірнеше есеге өскенін хабарлаған еді.

ҚР жеке сәйкестендіру нөмірін 35 782 ресейлік алып үлгерген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есеге (2 230), ал 637 украиналықтың алуы өткен жылмен салыстырғанда (213) үш есе көп екенін көретеді.

Серіктес жаңалықтары