$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көліктің қосымша жабдығын мәжбүрлеп сатқан автодилерге 4,7 млн теңге айыппұл салынады

Автодилерлерге тұтынушыға қосымша жабдықтар таңу дерегіне жол берілмейтіні ескертілді

 

 

Көліктің қосымша жабдығын мәжбүрлеп сатқан автодилерге 4,7 млн теңге айыппұл салынады
Көрнекі фото: elements.envato.com

Жеңілдетілген автокредиттеу бағдарламасы шеңберінде автомашиналарды өткізу кезінде қосымша жабдықтарды мәжбүрлі түрде алғызған автосалондардың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жағдайға «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңмен мәжбүрлі ассортиментпен тауарларды сатуға тыйым салынғаны және тұтынушылардың құқығын қорғау органдарының араласуы негіз болып отыр.

«Егер мұндай әрекеттер осы жабдықты жеткізуші басқа да нарық субъектілеріне залал келтірсе немесе залал келтіруі мүмкін болса, бұл монополияға қарсы заңнаманың бұзылуы болып саналады. Жеңілдетілген несиемен көлік алу барысында осындай құқызбұзушылық жасаған автодилер 200-ден 1500 АЕК-ке дейінгі, яғни 4 млн 770 мың теңгеге дейінгі сомада айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Немесе субъектіні нарықта үстем ретінде танығаны үшін монополиялық кірісі тәркіленіп, табысының (түсімнің) 3-тен 5 %-на дейінгі мөлшерінде айналым айыппұлына әкеп соғады», - делінген Бәсекелестікті қорғау және дамыту агентігінің баспасөз хабарламасында.

Монополияға қарсы орган автодилерлерге тұтынушыға қосымша жабдық таңу фактілеріне жол берілмейтіні туралы ескертеді. Сондай-ақе жеңіл автокөліктерді бастапқы бөлшек саудада өткізу нарығын талдау рәсімі басталды.

Автомобильдерді сату кезінде қосымша жабдықтарды күштеп таңу фактілері кездескен жағдайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және монополияға қарсы органдарға жүгінуге болады.

Серіктес жаңалықтары